Миндии Гогочури Тбилисиденің шетіндегі жалға алынған пәтерде Размадзе есімді азаматпен бірге ұсталған. Размадзе бұрын іздеуде болған.
ІІМ мәліметі бойынша, бұл екеуі ұсталған пәтерде екі тапанша болған. Олар оны балконнан лақтырып жіберген. Бұған қоса полиция пәтерден бронды жейде тапты.
Грузияның қазіргі президентінің күйеу баласы криминалды оқиғаға бірінші рет ілігіп отырған жоқ. Бұған дейін оған Тбилисиде екі мәрте шабуыл жасалған. Биыл шілде айында ол пышақ жарақатымен ауруханаға түссе, өткен жылы оған оқ тиген.
Маргвелашвили – Грузияның қазіргі президенті, жаңа президентті ұлықтау салтанатынан соң бұл қызметке Саломе Зурабишвили кіріседі. Ол қараша айының соңында президент сайлауында жеңіске жеткен еді.