Ссылки доступа

Тәжік түрмесіндегі бүліктен кейін 6 прокуратура өкілі қызметінен алынды


Тәжікстанның бас прокуратурасы Худжанд түрмесіндегі бүлікті тергеу барысында Соғды облысы прокуратурасының 6 қызметкерін босатқан.

8 қарашаға қараған түні орын алған түрмедегі бүліктен кемінде 21 сотталушы, екі түрме қызметкері қаза тауып, бес күзетші ауыр жараланып ауруханаға түскен.

Бас прокурор шешімімен Соғды облысындағы түзету мекемелерін қадағалайтын прокурор Завкибек Шарифзода, оның орынбасары Маъмур Аъзамзода қызметтерінен алынған.

Дереккөздің хабарлауынша, Худжанд түрмесіндегі бүліктен кейін, елдегі барлық прокуратура басқармасы мен бөлімшелеріне тексеру жүргізілген.

"Тергеу барысында сотталушылардың өтініштері мен арыздары прокуратура тарапынан дер кезінде қаралмағаны анықталды",- дейді дереккөз.

Тәжікстан сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин 22 қарашада Брюссельде бүлік кезінде 21 сотталушы залалсыздандырылды деп мәлімдеген. Министр олардың арасында "Ислам мемлекеті", "Ансоруллах" және "Жундуллах" экстремистік топтардың жазасын өтеп жатқан жақтаушылары болды деген.

Тәуелсіз ақпарат көздері шын мәнінде бүлік кезінде 50 адамның өлгенін айтады. Осы оқиғадан кейін абақтының басшылары қызметінен алынып, оларға қарсы қылмыстық іс қозғалды.

Бүлік үшін жауапкершілікті "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы мойнына алған.

XS
SM
MD
LG