Ссылки доступа

Ашхабад тұрғындарына 15 желтоқсанға дейін есептеуіш орнатуды міндеттеген


Азаттықтың түркімен қызметі хабарлағандай, Ашхабад билігі тұрғындарға есептеуіш орнату үшін 15 желтоқсанға дейін уақыт берген.

Түркімен астанасында тұрғын үйлерге газ есептеуішін орнату қазан айынан бері жалғасып жатыр.

Түркіменстан халқы1993 жылдан бері газ және суды тегін қолданып келген. Былтырдан бері елінде дағдарыс басталғаннан кейін, ел үкіметі тегін төлемдерді алып тастады.

Есептеуіштерді халықтың өздері сатып алуы керек. Құрал бағасы 258, 91 манат (74 доллар) тұрады.

XS
SM
MD
LG