Ссылки доступа

Өзбекстанда мақта жоспарын орындамаған 155 шаруа жазаланған


Ташкент облысы Аққорған ауданында мақта жоспарын орындай алмаған 155 шаруаға айыппұл салынды. Аудандық экономикалық сот осындай шешім шығарған.

Шаруалардың айтуынша, 5-10 минутқа созылған сот отырыстарына 40-50 адамнан шақыртып отырған.

Судья шаруалар мақта жоспарын не себепті орындай алмағаны қызықтырмады дейді айыппұл алған шаруалар.

5 желтоқсанда аудандық сот 40-тан астам шаруаға айыппұл салған. Бұл ауданда барлығы 155 шаруаның үстінен сотқа шағым түскен.

"Судья барлығымызды сот залына шақыртып, шарт бойынша уәдені орындамағанымыды, айыппұл салынатынын айтты. Мен мақта құнының 16 пайызын төлеп беруге келістім", - деді соттан шыққан шаруа.

XS
SM
MD
LG