Ссылки доступа

Тәжік журналисі отбасындағы зорлықпен жігіттерге гүл тарату арқылы күресіп жүр


101 раушан - осынша гүлді тәжік журналисі Сурайё Шуджоат Душанбе қаласының ер азаматтарына таратты. "Гүлді әйеліңізге сыйлық, оны сүйетініңізді айтыңыз",- деген кеңес берді журналист.

Гүл - отбасындағы зорлықпен күресудің ең тиімді тәсілі дейді Сурайё. Ол раушан гүлдерін "Әйелдерге қарсы зорлықпен күресудің 16 күні" халықаралық акциясы аясында таратты. Бұл акцияны БҰҰ өткізіп жатыр.

Сурайё мен оның күйеуі – танымал журналист Жума Мирзо Душанбе көшелерінде 101 раушан гүлін таратты.

Сурайёнің айтуынша, гүлді ер азаматтардың барлығы алғысы келмеген. "Әйелге гүл сыйлауды әлі білмейміз", - деп өкінді ол.

XS
SM
MD
LG