Ссылки доступа

Тәжікстанда "бадахшанит" және "фалгарит" деп аталатын жаңа минералдар табылды


Халықаралық минералогиялық ассоциация Тәжікстанда табылған екі жаңа минералды әлемдік тізімге енгізді.

Минералдар Бадахшан ауданынан және Зерафшан жазығындағы Кухи Малик шатқалынан табылған. Сол себептен екі бағалы тасқа – «бадахшанит» және «фалгарит» деген атау берген.

Тәжікстанның ғылыми академиясы Халықаралық минералогиялық қауымдастық (ММА) екі минералды биылғы жылдың 18 қыркүйегінде әлемдік тізімге енгізгенін айтады. Академия өкілі бағалы тастарды тәжік және ресейлік ғалымдардың тапқанын атап өтті.

Тәжікстанда Совет үкіметі тұсында және тәуелсіздік жылдарында 30-ға жуық минералдың түрі табылған. «Таджикит», «гармит», «дараипиёзит» деп аталатын бағалы тастар Тәжікстаннан басқа ешбір елде кездеспейді. Олар да халықаралық минералдар тізіміне енгізілген. Әлемде жыл сайын минералдың бес мыңнан астам түрі табылады.

XS
SM
MD
LG