Ссылки доступа

Түркіменстанда келе жатқан жылдың белгісі - доңызды бейнелеуге тыйым салған


Түркіменстан билігі жаңа жылдық безендіруге келе жатқан жылдың белгісі - доңыз суретін салуға тыйым салған. Бұл жөнінде Азаттықтың түркімен қызметінің Ашхабадтағы тілшісі хабарлайды.

Оның сөзінше, ресми тыйым болмаған. Бірақ жаңа жылдық безендіруде бірде-бір доңыз бейнесі жоқ.

"Былтыр дүкендер мен сауда орындарында қазан айынан бастап кетіп бара жатқан жылдың белгісі - ит ойыншықтары көптеп сатылды. Ал биыл доңыз ойыншықтарды не оның суреттері ешбір жерде жоқ", - дейді тілші.

Таяуда түркімен президенті үкіметтен жаңа жылдық безендіру ұлттық стилде болсын, онда түркімен ертегілері кейіпкерлері бейнеленсін деген тапсырма берген.

XS
SM
MD
LG