Басты айыпталушы - Марс Бодошевке прокурор 23 жыл түрме жазасын сұрады. Мемлекеттік айыптаушы Бодошевтің екі қылмыс жасағаны - Бурулайды алып қашып, оны өлтіргені дәлелденді дейді. Қыз алып қашуға қатысқан Акмат Сейитовке прокурор жеті жыл түрме жазасын сұрады.
Адвокат Жуматай Абдрахманов айыпталушылардың кінәсі дәлелденбеген деп мәлімдеп, оларды бостауын сұрады. Абдрахмановтың айтуынша, Бодошевтің кісі өлтіргеніне тікелей дәлел жоқ.
Ол Марс Бодошев пен Бурулай Турдаалы кызы жақын қарым-қатынаста болғанын, қызды ешкім алып қашпағанын айтты.
Сот процесі 11 желтоқсанда жалғасады, өйткені сотталушылардың біреуінің адвокаты сот отырысына келмеген.
Биыл 27 мамырда Шу облысының Жайыл аудандық ішкі істер бөлімінде 20 жастағы студент Бурулай Турдаалы кызы өлтірілді. Тергеу оны Марс Бодошев өлтірген деп шешті. Жігіт қызға үйленбек болып, оны алып қашған. Милиция өлімінде қызды пышақтап, өзін де жарақаттаған.
Бұл оқиға қоғамды дүрліктіріп жіберді, президент Сооронбай Жээнбеков үкіметке істің әділ тергелуін тапсырды.
Сотта Бодошов қызды алып қашқанын мойындады, бірақ оны өлтірді деген айыпты жоққа шығарды.