Ссылки доступа

Өзбекстанда 20 мыңнан астам адам "қара тізімнен" шығарылды


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің хабарлауынша, діни экстремистік ұйымға қатысы бар деген күдікке ілінген 20 мыңнан астам адам "қара тізімнен" шығарылған.

8 желтоқсанда Өзбекстан Конституциясының 26 жылдығы құрметіне арналған салтанатты жиында президент Шавкат Мирзияев сөз сөйледі. Ол діни экстремистік ұйымның ықпалына қателікпен түсіп, жасаған ісіне өкінгендердің ісін қарайтын Республикалық мекемеаралық комиссия құрылғанын айтты.

Еске салайық, Мирзияев биыл 19 қыркүйекте "Адасып террористік, экстремистік немесе басқа да тыйым салынған ұйымдар мен топтарға кірген республика азаматтарын қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы" қаулыға қол қойған.

Арнайы құрылған комиссиясы бас прокурор Отабек Муродов басқарады. Комиссия шығарған қорытынды негізінде азаматтар қылмыстық жауаптан босатылады.

Еске салайық, өткен жылы Өзбекстанда 18 мыңнан астам адам "қара тізімнен" шығарылған еді.

XS
SM
MD
LG