Ссылки доступа

Тәжік мигрантының басын кесіп алған өзбекстандық кінәсін мойындады


Волгоград қаласындағы тәжік қоғамы Өзбекстан азаматының қолынан қаза тапқан тәжік мигрантының кім екенін анықтады. Бұл оқиға Бахтияровка ауылында болған. Кісі қолынан қаза тапқан 51 жастағы Саидджон Холёров бұл ауылға екі апта бұрын келген.

"Біз Саидджонның туыстарын әлі таппадық. Құқыққорғау органдары мен дипломаттардан көмек сұрадық. Сол себепті оны қайда жерлеу керектігі әлі шешілген жоқ", – деді Волгоградтағы тәжік қоғамының басшысы Саидахмад Махмадов.

Еске салайық, 4 желтоқсанда Волгоград облысы Ленин ауданы Бахтияровка ауылында кісі өлтірілді. Өзбекстанның 36 жастағы азаматы тәжік мигрантын пышақтап өлтірген. "Одан соң ол қылмыс ізін жасырғысы келіп, өлген адамның басын кесіп алып, оны пешке тастаған, ал денесін шөптің арасына тыққан.

Тергеу мәліметі бойынша, ол жасаған қылмысын тағы бір еңбек мигрантына сол күні айтқан. Ол құқыққорғау органдарына жүгінген.

Күдіктінің психикалық денсаулығына күмән бар. Өйткені ол өлген адамның басын пешке өртеуін "көз алмай қарады" деп түсіндірген.

"Марқұмның Ресейде баласы жұмыс істейді. Әкесі бір апта бұрын бар табысын баласына жолдаған екен", - деді Волгоград тәжіктері қоғамының басшысы.

XS
SM
MD
LG