Ссылки доступа

Армениядағы парламент сайлауында Пашинян блогы жеңіске жетті


Никол Пашинян на пресс-конференции в предвыборном штабе блока "Мой шаг"
Никол Пашинян на пресс-конференции в предвыборном штабе блока "Мой шаг"

Армения премьер-министрі қызметін атқарушы Никола Пашинян блогы - "Менің қадамым" кезектен тыс парламент сайлауында жеңіске жетті. Блог 70 пайыздан астам дауыс жинады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлады.

Парламентке 8 және 6 пайыз дауыс жинаған "Гүлденген Армения" және "Өркендеген Армения" партиялары да өтті. Бұған дейін билік басында болған Армения республикалық партиясы парламенттен орын ала алмады. Партия 5 пайыздық межеден өте алмаған.

Армениядағы сайлауға тоғыз партия және екі блог қатысты. Сайлаушылардың 48,6 пайызы дауыс берді.

Пашинян Армения үкіметін биыл мамыр айында жаппай наразылық акцияларынан соң басқарды. Қазан айында ол отставкаға кетті. Қараша айында Армения президенті парламентті таратып, кезектен тыс парламент сайлауын жариялады.

Пашинян үкімет басына келген уақыттан бері елдегі барлық губернаторларды ауыстырып, жемқорлыққа қарсы күрес бастады. Саясаткердің жақтаушылары Пашинян елде реформа жүргізе алады деп сенеді.

XS
SM
MD
LG