Ссылки доступа

Қырғызстанның бұрынғы вице-премьер-министрі мүлкіне декларация тапсырмаған


Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті бұрынғы вице-премьер-министр Дуйшенбек Зилалиев мүлкіне декларация таспырмағанын анықтады.

Комитеттің хабарлауынша, ресми декларация мәліметінде Зилалиев 2011-2016 жылдары 2,5 млн сом (35 мың доллар) табыс тапты деп көрсетілген. Оның әйелінің табысы 408 мың сом болған. Бірақ бұрынғы шенеуніктің активі ресми табыстан әлдеқайда көп.

Тергеушілер 2018 жылдың қыркүйегіне дейін Зилалиев декларацияланбаған 889,9 мың долларды коммерциялық банктерінің бірінде ұстағанын анықтады. Бұған қоса, шенеуніктің декларацияда көрсетілмеген жылжымайтын мүліктері - пәтері, үйі, жер учаскелері бары мәлім болды. Тергеу мәліметі бойынша, бұл мүліктер оның туыстарына немесе басқа бір адамдардың атына тіркелген.

Мысалы, өткен жылы Зилалиев екі туысының атына Бішкектің орталығындағы екі кеңсені тіркеген.

Еске салайық, Зилалиевке "заңсыз баю" айыбы тағылған. Шенеуніктің өзі тағылған айыптарды жоққа шығарып отыр.

2017 жылы 24 қарашада президент Сооронбай Жээнбеков инаугурациясынан соң Дуйшенбек Зилалиевке "терроризм акті туралы әдейі жалған мәлімет берді" деген айыппен қылмыстық іс қозғалған. Биыл қазан айында сот оны үш жыл шартты мерзімге қамау туралы үкім шығарды.

XS
SM
MD
LG