Ссылки доступа

Тәжікстан үздік журналист пен адам құқығын қорғаушыны анықтады


Тәжікстандағы адам құқықтарын қорғау және заңдылықтардың сақталуы жөніндегі бюросы 2018 жылдың үздік адам құқығын қорғаушылары мен үкіметтік емес ұйымдарын жариялады.

Бюро директоры Наргис Зокированың айтуынша, мақсат - қиын уақытта аянбай еңбек етіп жүрген журналистер мен адам құқығын қорғаушыларды марапаттау.

2018 жылдың белсенді журналисті ретінде бюро "Вечерка" газетінің бас редакторы Гүлнора Амиршоеваны атады. Ол әйелдер мен балалардың құқықтарын белсенді түрде қорғап жүргені айтылды.

Амиршоева биыл ақпарат құралдарының қызметкерлері үшін оңай жыл болмағанын атап өтті. "Жыл өткен сайын қысым күшейіп барады. Бізге бірігу қажет", - деді ол.

Биыл "Үздік адам құқығын қорғаушы" сыйлығы үкіметтік емес ұйым қызметкеріне емес, әділет министрлігінің өкіліне берілді. Рано Каримова үкіметтік емес ұйымдармен бірге жұмыс істегені үшін осындай сыйлыққа ие болды.

Үздік адам құқығын қорғау ұйымы деп "Азаматтық еркіндік кеңсесі" ұйымының Соғды облысындағы бөлімі аталды. Аталған ұйым адам құқықтарын қорғауда елеулі үлес қосқан.

XS
SM
MD
LG