Ссылки доступа

Түркіменстанда прокуратура қызметкерлеріне қымбат көлік мінуге тыйым салды


Түркіменстан (көрнекі сурет)

Түркіменстанның Дашогуз уәлаятында прокуратура қызметкерлеріне қымбат көлік мінуге тыйым салды деп хабарлайды Азаттықтың түркімен қызметінің (Азатлык) дереккөзі.

Аты-жөнін жариялағысы келмеген дереккөз мұндай талаптың 3-4 ай бұрын түскенін айтады.

"Осыдан кейін прокуратура қызметкерлері қымбат көліктерін жаппай сата бастады. Кейбірі көліктерін туыстарының атына қайта рәсімдеді", - дейді дереккөз.

Оның сөзіне қарағанда, прокуратура қызметкерлері көбінде "Toyota Pathfinder" және "Toyota Highlander" маркалы көлікті таңдайды. Дені тек жаңа көлікпен жүреді.

Түркіменстанда бірнеше жыл бойы мемлекеттік қызметкер мен шенеуніктерге жеке көлік қолдануға тыйым салған. Оның үстіне 2017 жылдан бастап Түркіменстанның ішкі істер органдары қызметкерлерінің көлігі тек ақ түсті болуы қажет деген бұйрық берілген.

XS
SM
MD
LG