Ссылки доступа

Өзбекстанда мақташылар табысының 10 пайызын әкімдікке аударып жатыр


Ферғана облысы ауданының әкімі Йулчивой Боййигитов мақта теруден жоспарды орындаған фермерлерді несиелерін жаба алмай қалған әріптестерінің есеп шотына ақша аударуға бұйрық берген.

Бұл жөнінде аты-жөнін жасыруды өтінген фермерлердің бірі хабарлаған. Оның сөзіне қарағанда, әкім фермерлерден тапқан кірісінің он пайызын аударуға бұйрық берген.

"Қарсы шыққан фермерлерге әкім мен милиция басшысы қысым көрсетіп жатыр. Борышкер-фермерлер үшін аударған ақшамды келер жылы қайтарып береді ме, әлде қайыр-садақа деп есептелінеді ме, білмеймін", - дейді диқан.

Тағы бір фермердің айтуынша, «Пулат», «Офарин», «Гойибназар» және «Фаркумкишлак» шаруашылығының диқандары аудан әкімдігіне ондаған миллион сум аударған. Бірақ ақшаны қайсы диқанға аударғанын өздері білмейді.

Ал Язъяван аудандық фермерлер кеңесінің төрағасы Шарофиддин Исманов әкім ешкімді мәжбүрлемеді, диқандар өз еріктерімен жәрдем көрсетіп жатыр дейді.

XS
SM
MD
LG