Ссылки доступа

Атамбаев: Омурбек Бабановқа қатысты іс жабылуы тиіс


Омурбек Бабанов
Омурбек Бабанов

«Экс-депутат Омурбек Бабановқа қатысты іс жабылуы тиіс», - деп мәлімдеді Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев 10 желтоқсанда «Апрель» телеканалына берген сұқбатында.

Оның сөзінше, Омурбек Бабановтың Он-Адырдегі сөздері көп адамға ашу шақырған. «Егер эмоциясыз қарайтын болсақ, қылмыстық іс ұлтараздық бойынша қозғалды. Бірақ анализ жасаған сарапшылар оның сөздерінің ұлтараздық туғызбайтынын әрі эмоциясыз айтылғанын анықтады», - деп атап өткен ол.

Атамбаевтың айтуынша, Бабанов Қырғызстанда бірлік пен келісім бәрінен озық екенін көрсеткен. «Ол бірлік үшін мандатын кері қайтарып, елді тастап кетті. Сосын оған тағы бір қылмыстық іс қозғалды. Бірақ Қанат Исаев (парламент депутаты) ісінде Бабановтың еш қатысы жоқ»,- деді экс-президент.

Экс-президент наурыз айында оған парламент депутаты Руслан Казакбаевтың келгенін баяндады. «Ол Қанат Исаевтің ісіне қатысты сараптама жүргізілді, бұл іске Бабановтың еш қатысы жоқ деді. Казакбаевтың көзінше, мен ҰҚМК экс-басшысы Абдил Сегизбаевқа звондадым. Мен Абдилге сараптама қорытындысы шыққанын, Бабанов бұл іске қатысы болмаса, оған қарсы істі жабу керектігін айттым. Ол маған "байке, бұл іс біраз созылып жатыр" деді. Мен онда Русланды қабылдауын өтіндім. Шын мәнінде Бабанов ісі жабылуы тиіс. Шынына келсе, Бабановқа рақмет айтуымыз керек. Бір жыл өтті, ол бірнәрсе деді ме? Ол бірлік мен тыныштықты бұзу үшін қадам жасады ма? Ол менің сөздеріме, Сооронбай Жээнбековтің сөздеріне сеніп қалды, алданып қалды. Сол үшін де өзімді ыңғайсыз сезінемін», - деді ол.

2017 жылы өткен президент сайлауына үміткер ретінде қатысқан Омурбек Бабановқа екі бірдей қылмыстық іс қозғалған. Біріншісі, сайлауалды үгіт-насихат кезінде Ошта ұлтараздық туғызатын мәлімдеме жасады деген. Екіншісі, Конституция құрылымын күштеп өзгертуге жария түрде шақырды деген бап бойынша.

Президент сайлауы өте салысымен Омурбек Бабанов саяси мансабын аяқтағанын мәлімдеп, елден кетті.

XS
SM
MD
LG