Ссылки доступа

Кіші Ислам Каримов: Анам елдегі өзгерістерді қолдайды


Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовтің немересі, қазір Ұлыбританияда тұрадын 25 жастағы Ислам Каримов анасы Гүлнара Каримова қоғамдық өмірге қатысуға қайта оралғысы келетінін Instagram парақшасында жазды.

"Елдің жаңа басшылығы көптеген жобаларды жүзеге асырып жатыр. Анам елдегі өзгерістерді қолдағысы келеді", - деді Ислам Каримов.

2017 жылы 28 шілдеде Өзбекстан Бас прокуратурасы Каримоваға қарсы қылмыстық іс қозғалғанын жариялаған. Онда Ташкент облыстық соты 2015 жылы 21 тамызда Каримованы бес жылға сотталғаны жазылған. Қазір бұл туралы ақпарат бас прокуратураның ресми сайтынан түсіп қалған. Бірақ биыл 3 қазанда Бас прокуратура "Каримова Өзбекстанда жазасын өтеп жатыр" деп мәлімдеген еді.

Стокгольмде 4 қыркүйектегі сот тыңдауларында швед прокуроры Гуннар Стетлер Өзбекстан тұңғыш президентінің үлкен қызының достары Гаянэ Авакян, Рустам Мадумаров аттарына ашылған оффшорлық компаниялардың, сонымен бірге акциялар мен басқа да нысандардың жалғыз қожайыны - Гүлнара Каримова екеніне дәлелдер келтірген.

XS
SM
MD
LG