Ссылки доступа

АҚШ-та тыңшы деп айыпталған Мария Бутина кінәсін мойындауы мүмкін


Мария Бутина
Мария Бутина

АҚШ-та Ресей мүддесін заңсыз қорғады деп айыпталған Мария Бутина бұған дейін берген жауаптарынан бас тартуы мүмкін екенін мәлімдеді. Ол өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарған еді.

Енді ол айыптаудың біреуіне - шет мемлекеттің лоббисті ретінде тіркелуден бас тартқаны үшін жауап беруге әзір. Ресей азаматы АҚШ билігімен осындай келісімге келген. Ол сотқа шақыртылған жағдайда, қазылар алқасының үлкен тобы алдында куәлік етуге уәде берген.

Тыңдау 11-13 желтоқсан аралығында өтеді деп жоспарланған. Бұған дейін Бутина федералдық прокуратурамен келіссөздер жүргізіп жатқаны хабарланған еді.

Бутина бес жылға сотталуы мүмкін, бірақ прокуратурамен келісімге отырса, жаза әлдеқайда жеңілдейді. Сот үкімі келесі жылы жарияланады, деп хабарлады NPR.

Бутина Ресейде "Қарулану құқығы" қозғалысының негізін қалаған. Оны биыл 15 шілдеде АҚШ-та ұстады.

XS
SM
MD
LG