Ссылки доступа

Қырғызстанда мүмкіндігі шектеулі бала бағып отырған ата-анаға айлық төлейді (видео)


Безработные родители детей с инвалидностью в Кыргызстане будут получать зарплату
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:01 0:00

Қырғызстанда мүмкіндігі шектеулі бала бағып отырған ата-ана үкіметтен айлық алады. Өмірін бала күтуге арнауға мәжбүр ата-ана жеке көмекші мәртебесіне ие болады.

"Бұл жоба бала отбасында қалу үшін жасалынды. Екіншіден, өмірлерін бала күтуге арнаған ата-анаға қолдау көрсету мақсатында", - дейді Қырғызстанның әлеуметтік даму министрлігінің өкілі Махабат Турдумаматова.

Бұл жоба аясында келер жылдың ақпан айынан бастап алты мың адам айлық алады. Ол үшін баласының мүмкіндігі шектеулі екенін дәлелдейтін анықтама өткізуі қажет.

Жеке көмекші мәртебесін тек ата-ана емес, отбасындағы кез-келген адам, не оның туысы ала алады екен. Мұндай жұмысқа үкімет әзірге айына бес мың сом (75 доллар) төлейді.

"Біріншіден, бұл материалдық ғана емес, психологиялық көмек. Тәулігіне 24 сағат ауру балаға қарайтын ата-анаға көмекші табылса, оған үкімет ақша төлейді", – дейді "Қолғанат" қоғамдық бірлестігінің басшысы Жұлдыз Садыкова.

Мұндай көмек отбасы шығынының 15 пайызын жабады екен. Он бес жылдан бері көтерген қоғамдық ұйымдардың талабына үкімет енді мән беріп жатыр.

XS
SM
MD
LG