Ссылки доступа

Түркіменстанда кезекті рет рақымшылық жарияланды


Түркіменстанда Бейтараптық күні қарсаңында сотталушыларға рақымшылық жарияланды. Елдегі ресми басылымдардың жазуынша, президент жарлығымен 800-ге жуық азаматқа рақымшылық беріледі.

"Түркіменстан Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Гурбангулы Бердімұхамедов "Халықаралық бейтараптық күніне орай рақымшылық жасау туралы жарлыққа қол қойды, оған сәйкес, 796 азамат бостандыққа шығады", - деп хабарлайды Түркіменстанның мемлекеттік ақпарат агенттігі.

2017 жылы Бердімұхамедов үш мыңнан астам сотталушыға рақымшылық жасаған. Бірақ құқық қорғаушылардың айтуынша, бостандыққа шыққан азаматтар арасында саяси тұтқындар жоқ.

XS
SM
MD
LG