Ссылки доступа

Страсбург жәрмеңкесінде атыс болып, үш адам мерт болды


Страсбург орталығындағы Рождество жәрмеңкесінде сейсенбі күні кешкісін атыс болып, үш адам қаза тауып, кемінде алтауы жараланған.

Куәгерлердің сөздерінше, қару қолданған адам әр жерден бірнеше рет оқ атқан. Полиция мәліметінше, ол іздеуде жүрген, қылмыстық әрекеттері үшін құқық қорғау органдарына танымал адам болған.

Бұл іске байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Франция президенті Эммануэль Макрон Страсбургқа ішкі істер министрі Кристоф Кастанерды жіберді.

Страсбургтегі Еуропалық парламент ғимараты жабылған. Қызметкерлер мен журналистер әзірге ғимаратты тастап шыға алмай жатыр деп хабарлайды AFP. Бүгін онда жүздеген Еуропарламент мүшесі қатысқан жалпы отырысы өтіп жатыр.

2015 жылы Парижде террористік шабуыл болғалы бері Францияда қауіпсіздік шарасы күшейтілген. Соңғы үш жыл ішінде Францияда бірнеше теракт орын алып, 200-ге жуық адам құрбан болған.

XS
SM
MD
LG