Ссылки доступа

Өзбекстанда әлеуметтік маңызы жоқ кәсіпорындар газдан ажыратылды


Желтоқсан айының басында бүкіл республика бойынша әлеуметтік маңызды мекемелер тізіміне кірмейтін ұйымдарға табиғи газ беруді тоқтата бастады. Соның салдарынан көптеген компаниялар жұмысы тоқтап, адамдар жұмыссыз қалған.

Ташкент облысы Зәңгіата ауданындағы кәсіпкердің хабарлауынша, оның кәсіпорынында газ 9 желтоқсанда өшірілген. "Олар алдын ала ескертпеді. Арнайы топ тексеріп жүр. Мен газға қарыз емеспін. Газ ақысын бір ай бұрын төлеп жүрмін", - деді кондитер кәсіпорынының қожайыны.

Осы ауданда тұратын тағы бір фирманың иесі газсыз қалғанын айтты. "Мен осы аудандағы кәсіпкерлермен сөйлестім. Барлығын газдан ажыратқан. Барлығы не істерін білмей отыр", - деді ол.

Бұл ауданда мемлекеттік емес секторлардың барлығы газдан ажыратылған. "Біз мектеп, балабақша, ауруханадан басқа нысандардың барлығын газдан ажыраттық. Оларға газ қашан қайта беріле бастайтынын білмейміз", - деді газбен қамту бөлімінің маманы.

Өзбекстанда ішкі нарықта табиғи газға сұраныс көрсеткіші жарияланбады. Өзбекстан газ тапшылығын он жыл бойы көріп келеді. Шет аймақтардағы жүздеген ауыл соңғы бес жыл көлемінде газдан ажыратылды.

XS
SM
MD
LG