Ссылки доступа

Тәжікстанда 6 мың жезөкше тіркелген (видео)


Ресми мәлімет бойынша, Тәжікстанда құқыққорғау органдары биыл тоғыз айда шамамен 6 мың жезөкше тіркеген.

Олардың арасында 32 кәмелет жасқа толмаған қыз, 1,5 мың – 18-30 жас аралығындағы қыздар мен әйелдер бар, қалғандары - 30 жастан асқан.

Заррина есімді қыз алғаш рет "қара тізімге" іліккен. Ол 28 жаста, төрт ай бұрын тәнін сата бастаған. "Бір жыл бұрын жұмыс іздеп астанаға шалғайдағы ауданнан келдім. Ажырасқан соң, өмір сүру қиындап кетті. Дұрыс жұмыс табылмаған соң, жезөкшелікпен айналыса бастадым", - деді ол.

Көбі бұны жеңіл ақша табудың жолы деп есептейді. "Бірақ олар қателеседі. Мұнда да қиыншылықтар жетерлік. Құқыққорғау органдарының қолына түссең, айыппұл төлейсің немесе қамауға алынасың. Жыныс органдары арқылы жұқпалы ауру жұқтырып алуың мүмкін".

В Таджикистане зарегистрировано 6 тыс секс-работниц
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:33 0:00

Тәжікстанда жезөкшелікке қылмыстық жауапкершілік қарастырылмаған, әкімшілік жаза ретінде 500-ден 2 мың сомониге (220 доллар) дейін айыппұл салынады. Бір жылда екі мәрте қолға түскен әйел 15 тәулікке абақтыға қамалуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG