Ссылки доступа

Қарақалпақстанда дәрігерлер өлген науқастың туыстарынан дәрі сұратқан


Қарақалпақстанда 59 жастағы мұғалім 14 күнге созылған комадан соң қайтыс болды. Туыстарының айтуынша, ол өлгеннен кейін де дәрігерлер дәрі мен тамақ сұратуын тоқтатпаған.

59 жастағы мұғалім Аминбой Ниезимбетов автокөлік апатынан соң орталық ауруханаға жеткізілген. Ол 14 күнге созылған комадан соң 22 қарашада қайтыс болды.

Оның туыстарының хабарлауынша, ауруханада үнемі жарық сөніп қала береді, мұнда генератор жоқ, ал науқастар қолдан тыныстандыру аппараттарына қосылған.

"Біз ауаны қолдан айдап отырдық. Басқа жол жоқ. Жарық жоқ. Ауруханада біз секілді науқастар көп. Қолдан ауа беретін адамы жоқ науқастар өліп жатыр", - деді науқастың туысы Ахмад.

Оның айтуынша, комада жатқан мұғалім жетінші күні қолдарын қимылдатып, оныншы күні көзін ашқан. "14-күні біз бас дәрігерге кіріп, Ташкенттен маман шақыртуын сұрадық. Бас дәрігер бізді науқас жатқан бөлмеге ертіп әкелді. Кірсек, ағамызға қарап отырған дәрігер науқастың қайтыс болғанына жарты сағат болғанын хабарлады", - деді Ахмад.

"Онда неге 15 минут бұрын бізден дәрі сұрадыңыз? деген сауалға дәрігер: "Мен науқастың қайтыс болғанын милиция қызметкері келген соң ғана туыстарына хабарлауға тиіспін" деп жауап берді".

Төрткүл аудандық денсаулық сақтау бөлімі басшысының орынбасары Рашид Раджаббоев ауруханаға электр қуаты үнемі берілмейтінін растады.

XS
SM
MD
LG