Ссылки доступа

"Оптима Банк": экс-вице-премьер Зилалиев ақшасы 2017 жылы жазда алынған


"Оптима Банк" Қырғызстанның бұрынғы вице-премьер-министрі Дуйшенбек Зилалиев банкте ақша сақтағанын растады. Дегенмен банк бұрынғы шенеунік ақшасын шешіп алу туралы видео бір жыл бұрын түсірілген деп хабарлады.

"Бұл видео бір жылдан астам уақыт бұрын түсірілген. Клиенттің сайф жалдау уақыты аяқталған. Банк қызметкері сейфті ашып, оны видеоға түсіруі тиіс. Сосын сақталған затты және видеоны иесіне береді. Клиент затын алып кетпеген. Сол себепті бұл видеоны банк қызметкерлері бір жылдан астап уақыт бұрын түсірген", -делінген "Оптима Банктің" бөлім басшысы Наталья Мокина атынан таратылған хабарламада.

Оның айтуынша, банктің видеоның таратылуына ешқандай қатысы жоқ.

9 желтоқсанда ҰҚМК Дуйшенбек Зилалиевтің "заңсыз баю" бабы негізінде ұсталғанын хабарлады. Арнайы қызмет мәліметі бойынша, Зилалиев декларацияда көрсетілмеген 889,9 мың доларды банктердің бірінде сақтаған. 11 желтоқсанда бұл ақшаны банк сейфінен қалай шешкені түсірілген видео жарияланды.

XS
SM
MD
LG