Ссылки доступа

Қазақстанда бес жыл ішінде ажырасуды 30 пайызға қысқартпақ (видео)


В Казахстане хотят за пять лет снизить число разводов на 30%. Вот как это будет
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:17 0:00

Қазақстанда жыл сайын әрбір үшінші неке ажырасумен аяқталады. Соңғы 10 жылда елде бір жарым миллион отбасының дәм-тұзы жараспаған. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл жағдайды өте қиын деп бағалап, ажырасуды азайту үшін шара қолдануды тапсырған.

Шенеуніктер президент тапсырмасын орындауға дайынбыз деп есеп беріп жатыр. Келесі жылдан бастап қолға алмақ. 2023 жылға қарай ажырасу санын 30 пайызға қысқартатын заң жобасын да әзірлеп үлгерген.

Қоғамдық даму министрлігінің сайтында жарияланған құжатқа сәйкес, Қазақстан бойынша "отбасылық тәрбие және қолдау" орталықтары ашылады.

"Под прицелом навязывают, вот тебе жена, живи с ней": как в Чечне принудительно воссоединяют семьи
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:18 0:00

"Бірінші кезекте некеге енді тұрған жастармен жұмыс істеу керек, – деген сенімде қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаев. – Алдымен некеге отырмас бұрын, адамдарға отбасын құру оңай емес екенін түсіндіру қажет".

Психолог Лимана Қойшиева шаңырақ көтеретін жастар алдымен сәйкестік жөнінде тест тапсыру керек деп есептейді. "Ең басты проблема жұбайлар бірін-бірі түсінбей жатады. Біраз уақыт өткен соң, күйеуі не әйелі жұмыс істеуді қояды. Қажеттілік арта бастайды, шығын көбейеді, сосын арада түсінбеушілік пайда болады", - дейді психолог.

Ал Қазақстандағы жас отбасы биліктен пәтермен қамтамасыз етіп, материалдық тұрғыдан көмек көрсетуін сұрайды. Олар ажырасудың басты себебі осы деп біледі. Қазақстанда жас отбасылардың 70 пайызы тұрғын үй мәселесінде қиындық көретінін, ал 60 пайызы қаржылық тапшылық көретінін айтады.

XS
SM
MD
LG