Ссылки доступа

Страсбург жәрмеңкесінде шабуыл жасағандардың туыстары ұсталды


Франция полициясы Страсбургта Рождество жәрмеңкесінде шабуыл жасағандардың туыстарын ұстады. Қастандық жасаушының ата-анасы мен екі бауыры қамауға алынған. Кемінде олардың бірі радикалды исламшылдармен байланысы болған деген күдікке ілініп отыр.

Күдіктінің өзі әлі қашып жүр. Оны іздеуге 700 мың адам жұмылдырылған. Франция ІІМ оның елден кетіп қалуы мүмкіндігін де теріске шығармайды.

11 қарашада кешкісін ер адам Страсбург орталығында өтіп жатқан Рождество жәрмеңкесінде адамдарға оқ атқан. Үш адам қаза тауып, 13-і жараланған. Полиция мәліметі бойынша, күдікті - 29 жастағы Страсбург тұрғыны Шеккат Шариф. Ол 27 рет Францияда ғана емес, Германия, Швейцарияда жауапқа тартылып, Германияда қарақшылық үшін түрмеге отырып шыққан. Оны 2017 жылы Францияға депортациялаған.

Шабуылды Париж прокуратурасының терроризммен күрес жөніндегі бөлімі тергеп жатыр. Францияның барлық шекарасында бақылау күшейтілді. Страсбургте демонстрациялар мен акциялардың кез-келген түрін өткізуге тыйым салған.

Әлемнің көптеген елінің лидерлері Францияға көңіл айтып жатыр.

XS
SM
MD
LG