Ссылки доступа

АҚШ Өзбекстанды "аса алаңдаушылық туғызатын елдер" қатарынан шығарды


11 желтоқсанда АҚШ мемлекеттік департаменті әлемдегі діни сенім бостандығы жөніндегі жыл сайынғы есебін жариялады. Жаңа есепте Өзбекстан "аса алаңдаушылық туғызатын елдер" тізімінен алынып тасталған.

Өзбекстан аталған тізімге 2006 жылы елінде дінге берілген мыңдаған адамды түрмеге жапқаннан кейін енгізілген.

Өзбекстан бұл тізімде Қытай, Эритрея, Иран, Мьянма, Солтүстік Корея, Судан, Сауд Арабия, Тәжікстан және Түркіменстанмен қатар тұрған.

Соған қарамастан Өзбекстан бұл есепте діни сенім бостандығын ұстанатын ел ретінде танылмаған. АҚШ Өзбекстанды үкімет тарапынан арнайы бақылауға алынған тізімге енгізген.

Биыл мамыр айында АҚШ мемлекеттік департаменті Өзбекстанда өзгерістер өте баяу болса да, жүріп жатыр деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG