Ссылки доступа

Түркіменстанда алкогольдік ішімдіктер бағасы қымбаттап жатыр


Түркіменстанда алкоголь жөнінде заң қабылданысымен, спирттік ішімдіктер бағасы өседі деп күтіледі. Бұл жөнінде "Түркіменстан хроникасы” басылымы хабарлайды.

Заңға сәйкес, алкоголь өнімдері дүкендердің тек арақ-шарап бөлімдерінде, жаңа төлем терминалы бар мейрамхана, кафелерде ғана сатылуы керек. Спирттік ішімдіктер тек таңғы 10:00-нан кешкі 20:00-ге дейін ғана сатылады. 21 жасқа дейінгі азаматтарға алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салынады.

Заң кезең-кезеңмен 2021 жылға дейін күшіне енеді.

Бұл арада Түркіменстанда желтоқсан айынан бастап алкоголь өнімдерінің бағасы қымбаттай бастады.

Азаттықтың түркімен қызметі хабарлағандай, Ашхабадта ең арзан арақтың бағасы 13 манат (ресми бағам бойынша 4 доллар) тұрады. Ең қымбаты 100 манатқа дейін жетеді. Түркіменстанда спирттік ішімдіктер сату үшін арнайы лицензия алуы керек.

XS
SM
MD
LG