Ссылки доступа

Өзбекстанның бұрынғы бас прокуроры Рашид Қадыров ісі бойынша тергеу аяқталды


Бывший генеральный прокурор Узбекистана Рашид Кадыров.

Өзбекстанның бұрынғы бас прокуроры Рашид Қадыров және тағы 24 адамның ісі бойынша тергеу аяқталды. Қадыров "ақша бопсалау", "билік пен қызметін асыра пайдалану" және "пара алу" қылмыстарын жасады деп айыпталды.

Республика бас прокуратурасының мәліметі бойынша, "Қадыров ісі" аясында 24 адам ұсталды, олардың көбі - прокуратураның бұрынғы қызметкерлері. Осы іс бойынша айыпталушылардың бірінің адвокатының айтуынша, оған 25 желтоқсанға дейін айыптау қорытындысымен танысуға уақыт берген.

Өзбекстан Бас прокуратурасын 15 жыл бойы басқарған 66 жастағы Рашид Қадыров 2015 жылы сәуірде қызметтен алынып, был 22 ақпанда Ташкентте бірқатар қылмыс жасады деген айыппен ұсталды. Қадыров қамауға алынған тоғыз айдың ішінде тергеу тобының басшысы бірнеше мәрте ауысқан.

Биыл 19 мамырла Әндіжан облысында сөйлеген президент Шавкат Мирзияев екі-үш ай көлемінде бұрынғы бас прокурор ұлттық телеарнада жасаған ісіне өкініп, мәлімдеме жасайды деген.

"Қазір бас прокурор өзінің барлық тобымен бірге түрмеде отыр. Екі-үш айдан соң мен оның барлық телеарнада сайрайтындай етемін. Өйткені ол барлық жерде жемқорлық жасады. Әрбір аудандық прокурордан 30-40 мың доллардан алып отырды. Ол - нағыз ұры. Сол себепті прокуратура органдарынан қызметкерлердің 70 пайызы жұмыстан шығарылды", - деді Мирзияев.

Биыл 5 наурызда ішкі істер министрлігі Қадыровтың 39 жастағы ұлы Әлішер Қадыровқа іздеу жариялады. Оған ақша бопсалаған, алаяқтық жасаған деген айыптар тағылған.

XS
SM
MD
LG