Ссылки доступа

Мәскеудегі хостел өзбек және тәжік мигранттарын орналастырмады


Объявление на одной из улиц Москвы: «Койко-место в квартире славянам».
Объявление на одной из улиц Москвы: «Койко-место в квартире славянам».

Мәскеу қаласындағы "2Hostel2" Өзбекстан және Тәжікстан азаматтарын ораналастырудан бас тартқан. Хостел әкімшілігінің айтуынша, "учаскелік милиция қызметкерінен осындай ауызша бұйрық түскен".

"Ридус" интернет басылымының тілшісі "2Hostel2" хостеліне Өзбекстанның үш азаматын орналастыруға тырысқан. Бірақ хостел әкімшісі олардыңөз төлқұжатын көріп, барлығын орналастырудан бас тартқан.

"Себебі оларды тіркеуге алу керек болады. Бір тәулікке орналасса да, құжаттар үш күн дайындалады", - деп түсіндірді хостел әкімшісі.

"Қаңтардан бастап учаскелік милиция қызметкері келіп, Тәжікстан және Өзбекстан азаматтарын тұрғызбаңдар деп айтып жүр", - деді ол.

Бірақ Ресейге жұмыс істеуге көп келетін Украина, Молдова, Армения, Қырғызстан, Түркіменстан және Ауғанстан азаматтарын хостелге орналастыруға ешқандай кедергі жоқ.

XS
SM
MD
LG