Аталған мекеменің баспасөз қызметінің мәліметінше, жергілікті емханаға Орынбетов атындағы мектептің 7- «Б» сынып оқушылары түскен. Сабаққа 27 оқушы қатысқан. 11 баланың дәріс кезінде басы айналып, жүрегі айнып, іштері ауырған.
Бірнеше баланың қолдары бөрітіп, екеуінің денесі құрысып қалған. Балаларға алғашқы көмек көрсетіп, сосын Орталық аудандық ауруханаға жеткізген.
Мектеп басшысы қазір балалардың бәрі үйінде дейді. Жергілікті агенттіктер мектеп директоры Шара Калыкованың сөздеріне сілтеме жасап, химия пәні сабағында фосформен тәжірибе жүргізілген деп хабарлайды. 11 балаға не болғанын қазір тексеріп жатыр дейді. Оның сөзінше, ешқандай химиялық улану болмаған.