Ссылки доступа

Түркіменстан халқы жабық дүкендер алдында ұнды күтіп, апталап отырады


Дашогуз уәлаятында ұн тапшылығы жалғасып келеді, мемлекеттік дүкендерде ұн жоқ болса, жекеменшік дүкендерде ұн бағасы өсіп барады. Азаттықтың түркімен қызметінің Түркіменстандағы тілшісінің хабарлауынша, жергілікті дүкендерге апталап ұн әкелінбеген.

"Апта бойы күнде мемлекеттік дүкенге ұн алуға келемін. Бірақ әлі түспеді дейді. Жаңа жыл жақындап келеді. Үйде ұн таусылды”, - деп хабарлайды Дашогуз тұрғынының бірі. Оның сөзінше, мемлекеттік дүкендер бір аптадан бері жабық тұр.

"Күнде ұн түсті ме екен деп, дүкенге барамыз. Мәселен бүгін жиырма шақты адам сағат 12.00-ге дейін тостық, ұн әкеледі ме деп. Бірақ бүгін де дүкен ашылмады", - дейді Дашогуз тұрғыны.

Мемлекеттік дүкендерде ұн арнайы бағамен сатылады. Ал жекеменшік дүкендерде бірнеше есеге қымбат. Қазір мемлекеттік дүкендерде бір келі ұнның бағасы 2 манат, ал ұн 1 манат (Түркіменстан ОБ бағамы бойынша, 1 доллар - 3.5 манат) тұрады.

Дашогуз тұрғындарының айтуынша, базарда ұн бағасы екі есеге қымбаттаған. Мәселен, 5 манатқа сатылып келген 2 келі ұнның бағасы 40 манатқа өскен.

Түркіменстанның мемлекеттік ақпарат құралдары болса, дағдарысқа қарамастан, елде молшылық, тұрақтылық деп күнде хабар таратуын жалғастырып келеді.

XS
SM
MD
LG