Ссылки доступа

Хорогта ірі Исмаилит орталығы салынды


Тәжікстанның Таулы-Бадахшан автономды облысының әкімшілік орталығы Хорогта Ага-Хан қорының қаржыландыруымен Исмаилит орталығы ашылды.

Исмаилит қоғамы өкілдері басым Таулы-Бадахшан автономды облысында мұндай орталық бірінші рет ашылып отыр. Ага-Хан қоры оның құрылысына 15 миллион доллар бөлген.

Орталық орналасқан 1,3 гектар жерге құрылған ғимараттың жалпы көлемі 4600 шаршы шақырымды құрайды. Олар үш бөліктен тұрады: 1500 кісіге арналған намазхана, әкімшілік бөлімі (кітапхана, конференция-залдары, дәрісханалар) және 450 кісілік әлеуметтік орын.

Орталықта жұмыс істейтін еріктілер мұнда оқушыларға математика, ағылшын тілі және бағдарламалауды үйретуге баса назар аударылады дейді.

Хорогтағы бұл орталық Ага-Хан қорының жобасы бойынша салынған Душанбеден кейінгі әлем бойынша жетінші Исмаилит орталығы болады. Таулы-Бадахшан автономды облысының аймағында тұратын Тәжікстанның исмаилит қауымдастығы 150 мың адамды құрайды.

XS
SM
MD
LG