Ссылки доступа

Өзбекстан кедені жолаушы әйелдің зергерлік бұйымдарын тәркілеген


Иллюстративное фото.
Иллюстративное фото.

Өзбекстандағы Наманган облысының 26 жастағы тұрғынының зергерлік бұйымдарын Ташкент әуежайындағы кеден қызметкерлері шешіп алған.

Жолаушының айтуынша, кеден қызметкерлері тәркіленген заттарды қайтару үшін 400 доллар пара сұраған.

Бұл істі Ташкент қаласы Сергелі аудандық соты қарап, кеден қызметкерлерінің әрекеті заңды деп тапқан, Ю.Д. есімді арызданушыға 368 мың сум (шамамен 45 доллар) айыппұл салған.

"Ташкент әуежайында жолаушылардың декларация толтырғанын байқамадым. Мені кеден қызметкері тоқтатып, зергерлік бұйымдарды заңсыз әкелдің деп айыптады. Мені бірнеше сағат әуежайда ұстады. Менде жалпы көлемі 117 грамм зергерлік бұйым бар еді, соның 57 граммын алып қойды", – деді жәбірленуші Ю.Д.

Өзбекстан кеден комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, кеден арқылы 65 грамм зергерлік бұйымды баж салығынсыз өткізуге болады, одан көп болған жағдайда, декларация толтырылуы тиіс.

XS
SM
MD
LG