Ссылки доступа

Түркіменстанда банкомат беретін қолмақол ақша 200 манатқа дейін кеміді


Халкбанк в Туркменабаде единственное место, где можно обналичить деньги
Халкбанк в Туркменабаде единственное место, где можно обналичить деньги

Лебап уәлаятындағы Түркіменабад қаласының тұрғыны банк картасы арқылы қолмақол ақша алуда қиыншылықтарға тап болды. Азатлык тілшісінің хабарлауынша, банкоматтар алдында ұзын кезек үзілмейді.

Тілшінің хабарлауынша, қолмақол ақша алу үшін тұрғындар қаладағы барлық банкоматты аралап шығуға мәжбүр.

Түркіменабадта "Халкбанк" банкоматтарында ғана ақша бар, бірақ оның беретін ақшасына шектеу қойылған. Бар болғаны 200 манат алуға болады.

Дәл осындай жағдайды республиканың басқа да өңірлерінен байқауға болады.

Соңғы бес жылда елде бюджет қызметкерлерінің жалақысын банк карталары арқылы төлеу жүйесі енгізілген. 2017 жылы қаңтардан бастап зейнетақы, жәрдемақы да банк карталары арқылы төленеді.

Түркіменстан Орталық банкінің мәліметі бойынша, түркімен банктері 1 миллион 710 мың дана банк каратасын таратқан. Елде 14858 банкомат жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG