Ссылки доступа

Тәжікстан ІІМ басшысы: ақын, драматург, жақында заң ғылымдарының докторы атанады


Рамазон Рахимзода
Рамазон Рахимзода

Жаңа жыл қарсаңында Тәжікстан ішкі істер министрі Рамазан Рахимзода заң ғылымдарының докторы ғылыми атағына ие болуы мүмкін.

Докторлық диссертациясын ол 29 желтоқсанда Жоғарғы аттестациялық комиссияда қорғайды. Зерттеу тақырыбы "Тәжікстан экономикасындағы қылмыстар: қылмыстық-құқықтық және салыстырмалы құқықтық сараптама" деп аталады.

Министрдің ғылыми жұмысын бұған дейін Тәжік ұлттық университетінің заң факультетіндегі ғылыми кеңес мақұлдаған.

Дереккөз мәліметі бойынша, диссертацияның бір тарауы Тәжікстандағы банк дағдарысына арналған. Автор тәжік банктеріндегі қиынжылық жаһандық қаржы дағдарысынан басталды деген тұжырым жасаған.

Ішкі істер министрі Нихони лақаб атымен өлең де жазады. Оның "Ұлт лидерінің жарқырау" деп аталатын алғашқы өлеңі 2016 жылы қарашада "Тәжікстан" апталығында жарық көрді. Кейін апталық газет Нихониді өткен жылдың ең үздік өлеңінің авторы ретінде марапаттаған.

Былтыр тамыз айында Мемлекеттік академиялық драма театрында Рахимзода пьесасы бойынша "Ана жүрегі" қойылымының тұсаукесері болды. Драма "Ислам мемлекеті" террористік тобына қосылған студент Хуршедтің адасқан тағдырын сипаттайды.

XS
SM
MD
LG