"Ол кісінің ар-намысына тиді. Мен оны сотқа беремін. Ол өз сөздерін сотта дәлелдей алмаса, онда мен оны жауапқа тартуын талап етемін", - деді Келдибеков.
10 желтоқсанда "Апрель" телеарнасына берген сұхбатында экс-президент Алмазбек Атамбаев экс-спикер Ахматбек Келдибековтің жемқорлық істерге қатысы барын мәлімдеген.
"Келдибеков және Тюлеевтер мемлекеттік қызметте жүріп, мультимиллионер атанған. Енді "Атамбаевты қамау керек" деп айқайлайды. Кімді қамаған дұрыс? Мемлекетті тонау арқылы миллионер болғандарды ма, әлде өз еңбегімен ақша тауып, ата-бабасынан қалған жерге үй салған адамды ма?" - деп мәлімдеген Атамбаев.