Ссылки доступа

Ирландия парламенті абортты заңдастырды


Ирландия парламенті обортты заңды деп тану туралы заң жобасын қабылдады. Заң президент қол қойған соң күшіне енеді.

Енді Ирландияда 12 апталық жүктілік мерзіміне дейін аборт жасауға болады. Ирландия премьер-министрі Лео Варадкар парламенттің бұл шемімін "ирланд әйелдері үшін тарихи оқиға" деп атады.

Биыл мамыр айында өткен референдумда ирландиялықтардың 68 пайызы абортты заңдастыруды қолдаған.

Ирландияда осы уақытқа дейін жүктілікті үзуге заңмен қатаң тыйым салынып келген. Аборт жасаған әйелдер 14 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін еді. Оның үстіне елде жүктілікке қарсы дәрі сатуға тыйым салынған.

Жыл сайын 3 мыңнан астам ирландиялық әйел Ұлыбританияға аборт жасату үшін барады.

XS
SM
MD
LG