Ссылки доступа

БҰҰ конференциясы Париж келісімін жүзеге асыру ережесін бекітті


БҰҰ-ның климат жөніндегі конференция төрағасы Михал Куртыка келісімнің бекітілгеніне қуанып жатыр, Катовице, 15 желтоқсан, 2018 жыл
БҰҰ-ның климат жөніндегі конференция төрағасы Михал Куртыка келісімнің бекітілгеніне қуанып жатыр, Катовице, 15 желтоқсан, 2018 жыл

Польшада БҰҰ-ның климат жөніндегі бүкіләлемдік конференциясы Париж келісімін жүзеге асыру ережесін бекітті. Құжатты 200 ел мақұлдады. Олар көмірқышқыл газ концентрациясына мониторинг жүргізіп және ауадағы парниктік газ қалдықтарын азайтуға бірлесе күш салады.

Кейбір ережелерді кейнірек аяқтайды. Қабылданған құжат 2020 жылға қарай халықаралық деңгейде белсенді әрекет етуге мүмкіндік береді деп түсіндіреді Жабайы табиғат жөніндегі бүкіләлемдік қор.

Климат жөніндегі Париж келісіміне 2015 жылы 197 ел қол қойған. Құжат мақсаты – 2100 жылға дейін ғаламдық ауқымдағы орташа ауа температурасының өсуін 2°C-ден асырмау.

2017 жылдың маусым айында президент Дональд Трамп АҚШ-ты Париж келісімінен шығарды. Ол келісімді орындасақ, Америка 2025 жылға қарай 3 млн жұмыс орнын жоғалтады деді. Польшада конференция аяқталғаннан кейін, АҚШ мемлекеттік департамент өкілі Вашингтон ұстанымы өзгеріссіз қала береді деп мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG