Ссылки доступа

Қырғызстанда қытайлық зауыттың қызметтен кеткен жұмысшысы соққыға жығылған


Қырғызстанның Қара-Балта қаласындағы қытайлық "Жунда" мұнай өңдеу зауытының бұрынғы қызметкері Искендер Мамыркуловты белгісіз біреулер екінші рет ұрып кеткен. Бұл жөнінде оның әріптесі Нұрбек Сулайманов хабарлады.

"11 желтоқсанда Қара-Балтаға парламенттен депутаттар келу керек болды. 10 желтоқсанда біз не айтатынымызды талқылап, тарқастық. Кешкісін оның әйелі звондап, үйден шығып кеткелі келмегенін айтты. Біз оны іздеп, аурухана жанынан таптық. Ол өзі жетіпті. Қолы байланған, үсті-басының бәрі қан. Біз оны көлікке отырғызып, ауруханаға жеткіздік. Ол бізді тани алмады", - деді Сулайманов.

Қазан айында "Жунда" зауытының жұмысшылар кәсіподағы басшылық еңбек құқығын бұзып отырғанын, жағдай жасамай, өндірістік зияндығы үшін ақша төлемейтінін көтерген.

Жұмысшылардың бірі Искендер Мамыркулов қараша айында сотқа арызданғаннан кейін, ІІМ өкілімін деп таныстырған бейтаныс адам звондап, "Жунда" ісіне араласпа деп қорқытқанын хабарлаған. Сол кезде белгісіз біреу оны басынан ұрып кеткен.

Оның әріптестері бұл жолы "Адам ұрлау" фактісі бойынша іс қозғаланын мәлімдеді.

Қара-Балта қаласында қытайлық "Чайна Петрол Жунда" компаниясы салған "Жунда" зауыты жылына 800 мың тонна мұнай өндіруге арналған. Зауыт 2014 жылы іске қосылды. Құрылысқа 300 млн доллар инвестиция құйылғаны айтылған.

XS
SM
MD
LG