Ссылки доступа

"Тәжік Сталині" дүниеден озды


Исо Абдурашидов

Тәжік мемлекеттік академиялық драма театрының бұрынғы директоры, танымал өнер қайраткері, әртіс Исо Абдурашидов 15 желтоқсанда Душанбеде 71 жасында дүние салды.

Әртісті соңғы сапарға шығарып салу рәсімі жексенбі, 16 желтоқсанда өтті.

Исо Абдурашидов 1947 жылы туған. Мемлекеттік театр өнері институтын тәмамдаған. Жиырмадан астам киноға түскен. Ол көпшілікке "Ұлт қайғысы" фильмінде Сталинді сомдауы арқылы танылды. Сол себепті оны "тәжік Сталині" деп атап кетті. Әртіс "Әуежайдағы жағдай", "Қорғауларға қақпан", "Махаббат жарасы", "Тұтқын", "Кобра операциясы" және басқа да фильмдерге түскен.

​Исо Абдурашидов ұзақ жылдар бойы Лохути атындағы драма театрын басқарды. Бұл қызметтен ол 2008 жылы кетті.

Бірнеше жыл бұрын әртіс Озоди радиосына берген сұхбатында театр өміріндегі проблемалар туралы айтып, көрермен қалмай бара жатқанына қынжылған.

XS
SM
MD
LG