Ссылки доступа

Зерттеу: тәжік әйелдерінің 90 пайызы күйеулерінен қорқады


Тәжікстандағы International Alert халықаралық ұйымының зерттеуі ер азаматтар әйелдерін ұру, желкелеу, боқтау, ажырасам деп қорқыту арқылы "тәрбиелейтінін" көрсеткен.

40 жастағы Дилоромның әрбір қадамы бақылауда. Оның телефоны үнемі қосулы тұруы керек, ол телефон қоңырауына бірден жауап беріп, үйден шықпай отыруы тиіс. Үйден алыс шыққан уақытта ол күйеу қайтып оралғанша үлгермей қалам деп қорқумен болады.

"Бір жерге баруға сұрансам, күйеуім "бар да, қайтып кел" деп ескертеді. Кешігіп келсем, ол алдадың деп сөгеді", - деді Дилором. Ол "таяқ жеуден" емес, күйеуі тастап кете ма деп қорқады.

Халықаралық ұйым жүргізген әлеуметтік зерттеу барысында он әйелдің тоғызы, немесе әйелдердің тоқсан пайызы күйеулерінен қорқатыны анықталды. Әйелдердің 39 пайызы үнемі үрейленетінін айтса, 51 пайызы күйеунің қаһарынан кейде қорқатынын жасырмады.

Бұл сауалнама Тәжікстанда 15-тен 49 жас аралығындағы 10 мың әйел арасында жүргізілді.

Әйелдердің құрды қыздармен араласқаны күйеулеріне ұнамайды. Ер азаматтар көбіне әйелдерін "көзіне шөп салды" деп айыптайды. Әйелдердің 30 пайыздан астамы күйеулерінің физикалық және сексуалдық зорлығына ұшыраған.

Мұндай жағдай балаларға да теріс әсер етеді, олар күйзеліске түседі. Бірақ әйелдердің көбі үйдегі жағдайды сыртқа шығарғысы келмейді, жылдар бойы қорқынышта өмір сүруге мәжбүр.

XS
SM
MD
LG