Ссылки доступа

Өзбекстанда электр энергиясына деп төленген 17 мың доллар жеке қалтаға кеткен


Жызақ облысы Фориш ауданының мемлекеттік және банк қызметкерлері электр энергиясын қолданушылардан түскен 143 млн сумды (17 мың доллардан астам) жеке пайдасына асырды деген күдікпен ұсталған.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, бұл істі Жызақ облысының мәжбүрлеп орындату бюросының қызметкерлері ашқан.

Белгілі болғандай, аудандық электр желілері, Халық банк және "Ипотекабанк" қызметкерлері өзара келісіп, электр энергиясы үшін түскен ақшы тиісті мекемеге жібермей, кассадан өздері ұстап қалып отырған.

"Тергеу барысында 2016-2018 жылдар аралығында олар 143 млн 567 мың 800 сум (17 мың доллардан астам) пайда тапқан. Оларға қарсы қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.

XS
SM
MD
LG