Ссылки доступа

Душанбеде 18 метрлік мұнара сағат салынбақ


Душанбенің орталығында орналасқан Дусти алаңында 18 метрлік мұнара сағат салынбақ. Бұл жөнінде қала басшысының бірінші орынбасары Мухаммадсаид Зубайдзода мәлімдеді.

Оның сөзінше, мұнара сағат 1949 жылы Тәжік ССР-нің 20 жылдығына орай орнатылған есткерткіш орнына қойылады. Тәжік зиялылары, колхозшылары, жұмысшылары және әскер қызметкерлері бейнеленген ескерткіш 2015 жылдың желтоқсан айында бұзылған.

2013 жылы тәжік астанасының жаңа бас жоспары жасалынған. Онда Совет кезінде салынған барлық ғимараттар мен ескерткіштердің сүрілуге жататыны көрсетілген.

XS
SM
MD
LG