Жолаушылардың айтуынша, Душанбе-Мәскеу рейсіне билет құны осыған дейін 1300 сомони ($140) болса, қазір - 1700 сомони ($185). Бұл - Орталық Азия бойынша Ресейге қатынайтын рейстерге ең қымбат баға. Мәселен Бішкектен Мәскеуге ұшу 3500 рубль ($55) тұрады.
Тәжікстанның азаматтық авиация агенттігі Ресейге әуе билеттерінің бірден қымбаттап кеткенін растады. Мекеме өкілі Азиз Набизода билеттің қымбаттығынан тәжік әуе компаниялары тұрақты жолаушыларын жоғалтып жатыр дейді.
"Мәселен Зеравшан жазығының тұрғындары Самарқанд арқылы ұшады. Ал Исфара және Канибадам жолаушылары Ош және Бішкек арқылы ұшқанды жөн санайды. Худжанд, Матчо және Ашт тұрғындары Ташкент арқылы ұшып жатады", - дейді Набизода.
Тәжікстанда әзірге TajikAir және SomonAir деп аталатын екі әуе компаниясы бар. Душанбе әуежайынан биыл 1 млн жолаушы ұшқан.