Ссылки доступа

Түркіменстанда алғашқы музыкалық лейбл құрылды


Music Planet (музыка нарығында жұмыс істейтін компания) алғашқы түркімен музыкалық лейблі жаңа жыл алдында Ашхабадта концерт өткізеді. Салтанатты шара 23 желтоқсанда өтеді деп хабарлайды Orient TM.

Фергана.ру сайтының жазуынша, Music Planet лейбл биыл 17 қарашада құрылған. Оның мақсаты – жас таланттарды музыка әлеміне тартып, шоу-бизнесте жаңа есімдерді анықтау.

Түркіменстанда лейблдің негізін қалап жатқан продюсер Дмитрий Осипов қазірдің өзінде үлкен сахнаға жол тартқысы келетін жас таланттар өте көп үн қосып жатыр дейді.

Түркіменстанда өнердің барлық түрінде қатаң цензура бар. Мемлекеттік емес продюсерлік орталық бірінші болып ашылып жатыр.

Биыл тамыз айында Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов цензуралық комиссия құрамын толық жаңартқан. Ол өнер саласында әралуандылық керек деп, жас таланттарды іздеуге шақырған. Бүгінгі күні Түркіменстанда эстрада және әдебиет саласында ең танымал бренд - президенттің өзі. Түркіменстан телеарналары оның өнерін жүйелі түрде көрсетіп отырады.

XS
SM
MD
LG