Ссылки доступа

Трамптың қайырымдылық қорына заңсыз қаржы операцияларын жүргізді деген айып тағылды


Дональд Трамп
Дональд Трамп

Трамптың қайырымдылық қоры заңсыз қаржы операциясын жүргізуіне байланысты жабылады деп мәлімдеді Нью-Йорк штатының бас прокуроры Барбара Андервуд. Ол енді қорда қалған қаржының үлестірілуінің заңдылығын бақылайтын болады.

Прокурор Дональд Трампты және оның үлкен үш баласын қордағы ақшаны жеке және саяси мақсатта пайдаланды деп айыптайды. Трамп қорының адвокаты болса, прокурор істі саясиландыруға тырысып жатыр деп мәлімдеді.

Трамп қорының тарихы Трамп пен оның отбасының іс-әрекеттері зерттеліп жатқан бір істің басы ғана. Оның ішінде Трамптың сайлауалды кампаниясының Ресеймен қатысы да бар. Тергеу жұмыстарына ФБР-дің бұрынғы директоры Роберт Мюллер басшылық етеді.

Барбара Андервуд Трамп пен оның балаларына қатысты тергеу ісі жалғасатынын мәлімдеді.

"Трамп қорына қатысты адам сенгісіз заңсыздықтар орын алған. Бұл қор мен сайлауалды кампаниясы арасындағы заңсыз үйлестіру жұмыстарына қатысты. Олар қор арқылы бірнеше келісімдер жасаған",- делінген прокурор мәлімдемесінде.

Барбара Андервудтың сөзінше, алынған деректер Трамп қорының жеке "чек кітапшаларын" салыстыруға мүмкіндік береді. Бұл қаражат Трамптың жеке шаруалары мен саяси қызығушылықтарын жүзеге асыру үшін жұмсалған дейді.

XS
SM
MD
LG