Ссылки доступа

Өзбекстан мен Қырғызстан үкімет басшылары әріптестік туралы жоспарға қол қойды


Өзбекстан мен Қырғызстанның шекаралас облыстары басшылары кеңесінің Ош қаласындағы екінші жиналысы аяқталды.

Кездесу соңында өзбек үкімет басшысы Абдулла Арипов пен қырғыз премьер-министрі Мұхаммедкалый Абылгазиев сауда-экономикалық және инвестициялық әріптестік туралы жол картасына қол қойды.

Қырғыз үкіметі жасаған мәлімдеме бойынша, Әріптестік жоспары сауда және өнеркәсіп салаларындағы әріптестіктің нақты қадамдарын, кеден тексерулерін жеңілдетуді, халықаралық әріптестік және басқа да мәселелерді қамтиды.

Бұл кеңес Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің 2017 жылы қыркүйекте Қырғызстанға мемлекеттік сапары барысында қабылданған келісім негізінде құрылған.

Кеңестің алғашқы отырысы Ферғана облысында биыл 29-30 наурызда өтті.

XS
SM
MD
LG