Ссылки доступа

Тәжікстанда көп әйел алған милиция офицеріне айыппұл салынды


Тәжікстанда Гиссар қалалық соты милиция подполковнигіне көп әйел алғаны үшін 50 мың сомони (5300 доллар) айыппұл салды.

Сот Санъатулло Саъдуллоевқа қатысты үкімін 14 желтоқсанда шығарды. Үкім әлі күшіне енген жоқ. Милиция подполковнигі сот шешімімен келіспейді. Шағымданушы - офицердің бірінші әйелі Малохат Азизованың да сот үкіміне көңілі толмай отыр. Саъдуллоев сот үкіміне шағымданатынын мәлімдеді.

Офицер 2009-2016 жылдары екі әйелмен тұрғанын, бірақ екі жыл бұрын тоқалына "талақ" жасағанын мойындады. Ол екі әйелмен тұру арқылы қателік жібергенін, бұл ісіне өкінетінін айтты.

40 жастағы Малохат Азизовамен Cаъдуллоев 17 жыл отасқан, олардың екі баласы бар. Малохат күйеуі жауапкершіліктен айыппұл төлеп қана құтылғанын қаламайды. "Маған және екі балаға баспана берсін, кәмелетке толғанша алимент төлесін", - деді Азизова.

XS
SM
MD
LG